Алматыда алғаш рет семсерлесуден әлем кубогінің жасөспірімдер кезеңі өтеді

Алматыда алғаш рет семсерлесуден әлем кубогінің жасөспірімдер кезеңі өтеді
Сурет: Olympic.kz

Алматыда алғаш рет семсерлесуден әлем чемпионатының кіші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Almaty Jastar Saber Cup 5-6 қараша аралығында өтеді. Жарысты SADU Arena ұйымдастырады.

Бұған дейін Астанада Республика күніне арналған семсерлесуден «Астана қылышы» турнирі өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Жарысқа Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан командалар қатысуда.