Алматыда алдағы төрт жылда 350 шақырым жол салынады, биыл 212 көшеде асфальт жаңартылады

Алматыда алдағы төрт жылда 350 шақырым жол салынады, биыл 212 көшеде асфальт жаңартылады
almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы кезінде Алматыдағы жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қалалық мобилділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов хабарлады. Ол биыл мегаполисте 206 шақырым жол жөнделетінін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Алматыда көше мен жол торабының жалпы ұзындығы 3 096 шақырымды құрайтынын, оның 298 шақырымы асфальтталмағанын атап өтті.

«Алматыда 2025 жылға қарай жолдарды 95%-ға жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу үшін 350 шақырым жаңа жол салуды жоспарлаудамыз», - деді Ғани Мырзаханов. 

Спикердің айтуынша, Алматыда 2021 жылдың басынан бері 125 393 ш.м алаңның шұңқырлары жөнделді, 1058 люк пен торлар көтерілді, 3 188 бордюрлер түзетілді және 93 914 сызаттар мастикамен толтырылды.

Ғ. Мырзаханов ағымдағы жылы ұзындығы 206 шақырым болатын 212 көшедегі жолдарды орташа жөндеуді жүргізу жоспарланып отырғанын қосты. Оның ішінде ұзындығы 43 км 20 негізгі көшеде: Рысқұлов, Сүйінбай даңғылдары, Сәтбаев, Кудерин, Жансүгіров, Райымбек, Яссауи, Шаляпин, Момышұлы, Жандосов, Сейфуллин, Құрманғазы көшелері, ШААЖ, ТР Халиуллин көшесі – Құлжа тракты, Солтүстік айналма көшесі, Бурундай, Тәттібеков, Омаров, Төле би көшелері. 


 
«Қазіргі кезде 95 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды, оның ішінде 12 негізгі көше, ұзындығы 24 км, жергілікті 83, ұзындығы 68,2 км, 39 көшеде жұмыс жүргізілуде. Жол жұмыстарын аяқтау және көліктердің негізгі көшелер бойымен өтуін қамтамасыз ету қыркүйек айының соңына дейін жоспарланған. Барлық басқа аудандық маңызы бар көшелерде жөндеу жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деп қосты Алматы ҚМБ басшысы. 

Ғ. Мырзаханов таулы аудандардағы жолдарды күтіп ұстау туралы айтты. Жазда және қыста қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнайы техника көмектеседі. Медеу және Шымбұлақ аймақтарында жолдарды күтіп ұстау пункттері бар. Спикер таулы аймақтардағы жолдарды күтіп ұстау аудандық әкімдіктердің құзырында екенін атап өтті.