Алматыда алдағы үш жылда 150 демалыс орталығы жаңғыртылады

Алматыда алдағы үш жылда 150 демалыс орталығы жаңғыртылады
adg-1.goroo-atyrau.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі орынбасары А. Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Жастарды қолдаудың басты мақсаты деп біз жастардың жұмысқа орналасуына, оқуына және әлеуетін ашуға баса назар аудара отырып, жастармен толыққанды қарым-қатынас жасап, кері байланыс арналары үшін жағдай жасау деп түсінеміз, бұл жастардың барлық санаттарын қамтуға, оның ішінде NEET санатындағы жастарды NEXT-ке түрлендіруге мүмкіндік береді.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін функционалы кең 16 комьюнити-орталық (әр ауданда 2-ден) құру жоспарлануда: жастар бастамалары мен жобаларын акселерациялау, жастарды жұмысқа орналастыру және оқыту, психологиялық және заң көмегі, бос уақыт және дағдыларды дамыту.

Келесі жылы мемлекеттік органдардың, оқу орындары мен жұмыс берушілердің студенттерді болашақта жұмысқа орналастыру мәселесінде өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін қалалық мансап орталығы ашылады. Сондай-ақ, тұрғын аудандардағы жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істеу үшін алдағы үш жыл ішінде 150 демалыс орталығы жаңғыртылады.

Жұмыс берушілерді субсидиялау, тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құру тетіктері жыл сайын 10 мың жас адамды жұмысқа орналастыру үшін белсенді пайдаланылатын болады.

«Жаңа кәсіптер атласына» сәйкес, ТжКБ оқу орындарының бағдарламалары трансформацияланады. Академиялық емес (қысқа мерзімді) кәсіптік оқыту бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам жас, әсіресе, NEET санатындағы жастар жыл сайын өзекті және сұранысқа ие мамандықтарға оқитын болады.

Студенттерді оқыту, тұру, оларға қызмет көрсету сапасының бірыңғай қалалық стандарты әзірленеді, бұл студенттердің ағыны мен сапасын кейінге қалдырып реттеуге, ЖОО мен колледждердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қоғамдастық орталықтары резиденттерінің қажеттілігін тарту, есепке алу, талдау және бағалау үшін 2023 жылы дисконт, жол ақысын төлеу, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысу функциясы бар клубтық карточкалық жүйе енгізіледі.

Нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мақсатында қаланың барлық аудандарында жастармен жұмыс істеу үшін кәсіби кадрлар тартылатын «НаркоЅТОР» орталықтары ашылады.