Алматыда алаяқ әйел қолға түсті

Алматыда алаяқ әйел қолға түсті
Сурет: Тrn-news.ru

Ұсталған азаматша бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған. 

Алматыда 5 алаяқтық жайтына қатысы бар әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынына қатысты 5 алаяқтық дерегін дәлелдеді.

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 29 жастағы А.есімді азаматша ұсталды. Күдіктіге қатысты тергеу ауданаралық соты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу барысында бойжеткеннің өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырып, адамдарға кепілсіз, төмен пайызбен несие алуға көмектесуге уәде бергендігі анықталды», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Айтпақшы, әйел қызметі үшін 120-дан 170 мың теңгеге дейін сұраған.  Ұсталған азаматшаның бұрында заңмен мәселелері болған, ол осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған. 

Полицейлер осы азаматшаның әрекетінен зардап шеккендерді, полицияға мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұрайды: 8-707-447-07-50;  8-747-699-70-02.