Алматыда АҚШ доллары 480 теңгеден сатылып жатыр

Алматыда АҚШ доллары 480 теңгеден сатылып жатыр
Сурет: Businessfm.kz

Доллардың ресми бағамы 478, 78 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 шілденің кешімен салыстырғанда 1, 77 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477, 09 теңге болды. Ұлттық банктің 29 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 478, 78 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңгеден болса, сатып алу – 479 теңге. Ресей рублі 7,15- 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.