Алматыда АҚШ доллары 468 теңгеге сатылып жатыр

Алматыда АҚШ доллары 468 теңгеге сатылып жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Қор нарығында доллар арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2, 53 теңгеге төмендеп, 1 доллар 463, 31 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 465, 93 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 468 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 464 теңгеден болса, сатып алу – 467 теңге.

Ресей рублі 6,27 – 6,37 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 6 қаңтар күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,53 теңге болды.