Алматыда ағаштарды 4 еселі биоөңдеу жүргізіледі

Алматыда ағаштарды 4 еселі биоөңдеу жүргізіледі
Сурет: ашық дереккөз

 Бостандық ауданында 435 мың ағашты 4 еселі биологиялық өңдеу жүргізіледі. Қала бойынша барлығы 2,3 млн. ағаш бар. Бұл туралы Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

 Аула ішіндегі аумақтарда ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары қайта басталды. Бұған дейін бұл мәселемен тұрғын үйлерді басқару органдары (ПИК, МИБ, ҚС) айналысқан. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін 80 аула аумағына күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. Әрі биыл 90 ауланы ағымдағы жөндеу жоспарланған.