Алматыда ағаштар құлап, көліктер зақымдалды

Алматыда ағаштар құлап, көліктер зақымдалды Сурет: Tengrinews.kz

Қалалық қызмет аулалар мен қоғамдық орындардағы құлаған ағаштарды тазартып жатыр.


Алматыда қардың кесірінен құлаған ағаштар мен бұтақтар 44 көлікті зақымдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz AstanaTv арнасына сілтеме жасап.


Алматыда қалың қар кесірінен көптеген ағаш құлады. Олар бір тәулік ішінде 44 көлікті зақымдаған. Қалалық қызмет аулалар мен қоғамдық орындардағы құлаған ағаштарды тазартып жатыр.


Сондай-ақ, жолдарда көктайғақ болмас үшін, алдын алу жұмыстары да жалғасып жатыр. Бұл жұмыстарға мыңнан астам жұмысшы мен алты жүз бірлік техника жұмылдырылған.



«Қазіргі уақытта жолдарға құм себу жұмыстары жалғасып жатыр. Біз көктайғақтың алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырамыз. Себебі бізде ауа райы тұрақсыз, түскен қар еріп-қатып, көктайғақ болу қаупі жоғары. Сондықтан мамандар ауа райын сараптайды, қарайды. Бірінші кезекте жолайрықтарға, еңістерге, жоғарыға көтерілетін жолдарға себіледі. Абаттандыру қызметі штаттық режимде жұмыс істейді», - деді Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй саясаты басқармасы бөлімінің бас маманы Александр Сергеев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет