Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған күдіктіні қамау мерзімі ұзартылды

Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған күдіктіні қамау мерзімі ұзартылды Сурет: Russtimes.ru

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға апарып тастаған күдіктіні қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.


Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



«Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 12 шілдедегі ақпараты бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және И. есімді ер адамға қатысты қамауда ұстау мерзімін 4 тамызға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.



Еске салайық, 12 сәуір сағат 08:40-те 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылған  болатын.


1976 жылы туған, тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған әйелдің басын кесіп алынғаны анықталды.


Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен мәйіттің басы табылды.


Кейін 61 жастағы күдікті ер адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52