Алматыда әйелдер арасындағы дін мәселелері талқыланды

Алматыда әйелдер арасындағы дін мәселелері талқыланды
Сурет: Gov.kz

Әйелдерге арнап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Алматы қаласында және Алматы облысында діндар әйелдер арасындағы дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 13-23 маусым аралығында Алматы қаласында және Алматы облысында  әйелдер арасында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар халықтық әйел діндарлары арасында діни эстремизімнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізілді.

Аталған кездесулерге РАТТмүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Адильбаева Ш.А., Узакбаева Л.Е., Усенова З.Ж.,Джуманова Г.Ж., Нургалиева Д.К., Курманалиева А.Д. тартылды.

13-17 маусым аралығында РАТТ мүшелерінің қатысуымен Алматы қаласындағы «Сұлтан қорған», «Қалқаман-1», «Әл Әзім», «Орталық мешіт», «Төле би», «Ақсай», «Нұр Мүбарак», «Абдулла» мешіттерінде діндар әйелдермен,«Жусан» операциясы аясында өңірге оралған азаматшалармен, сондай-ақ «Ғазиза ана» және «Таугүл» қайырымдылық мекемелерінің діндар оқушыларымен, «Текемет» және «Мега тау» сауда орталығында діндар әйелдермен, «Балуан Шолақ» спорт кешенінің спортшы қыздарымен және т.б. кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, 20-23 маусым аралығында Алматы облысында ЛА – 155/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдермен топтық және жеке кездесулер, Алматы облысының Іле, Талғар, Еңбекшықазақ, Қарасай аудандарының және Қонаев қ. орталық мешіттерінде діндар әйелдермен, және өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер, сондай-ақ халықтың маргиналды бөлігімен кездесулер өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып,тұшымды жауаптар алынды.