Алматыда Әуезов көшесімен Райымбек батыр даңғылына дейін жол ашылады

Алматыда Әуезов көшесімен Райымбек батыр даңғылына дейін жол ашылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

 Көшенің ұзаруы қозғалыс жүктемесін азайтып, жолаушылар ағымын көбейтуге мүмкіндік береді.

28 мамыр күні ұзындығы 0,8 шақырымды құрайтын Әуезов көшесі бойымен Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейін бөлікте төрт жолақты жаңа жол ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұзарту кезінде магистралды жылу жүйесі желісін қайта орналастыру, өтпелі және бағаналы бағдаршамдармен бірге төрт темір жол өткелін қайта жасалды, арық жүйесін жаңарту мен көршілес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар маусым айының аяғына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

Бұрын Әуезов көшесі солтүстік бағытта Гоголь көшесімен тұйықталатын. Ал бұл ауданда солтүстік-оңтүстік бағыты бойынша көше-жол желісі жетіспейтіндігі байқалған еді.