Алматыда әскери журналистер бас қосты

Алматыда әскери журналистер бас қосты
Сурет: Almaty.tv

Бүгін басталған шеберлік сабақ 3 күнге дейін жалғаспақ

Алматыда еліміздің әр өңірінен келген әскери журналистер бас қосты. Мақсат – олардың кәсіби шеберлігін дамыту, шығармашылық тәжірибе алмасу, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Игі бастаманы Ұлттық ұлан бас қолбасшылығының мамандары ұйымдастырып отыр. Жиын кезінде ақпаратты жедел тарату мен қауіпсіздік тақырыбы кеңінен талқыланды. Мамандардың біліктілігін арттыру курсы 2 жылда бір рет өткізіледі екен. Биыл Алматы таңдалған. Бүгін басталған шеберлік сағаты 3 күнге дейін жалғаспақ.

– Қара шаңырақтың профессорлары, мамандары әскери журналистерге сабақ береді. Әскери журналистика соңғы уақытта дамып келе жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына міндетті түрде әскери өмірдің тыныс-тіршілігін жариялап отырамыз, – деді ҚР Ұлттық ұланы «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналының бас редакторы Ерболат Сұлтанов.