Алматыда әскери мамандарға арналған гендерлік аспектілер бойынша курс өтіп жатыр

Алматыда әскери мамандарға арналған гендерлік аспектілер бойынша курс өтіп жатыр
Сурет: Gov.kz

Бұл - БҰҰ бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер бойынша ұйымдастырылған курс.

Төрт күндік сабақтар Қазақстандағы Канада Елшілігінің қолдауымен Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік дайындық орталығында ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Бұл курстың мақсаты Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссияларында ұлттық контингенттің жеке құрамының гендерлік проблематика саласынан хабардар болуын арттыру болып табылады», - делінген Қорғаныс министрігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқу бағдарламасын орталық нұсқаушылары әзірлеген және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының сарапшыларымен бірлесіп өткізіледі.

Гендерлік мәселелер Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметінің атап айтқанда, ұлттық бітімгерлік контингенттерді даярлау процесінің өзекті және ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның гендерлік саясат саласындағы ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, әскери қызметші әйелдерді бітімгерлік миссияларға қатысуға тұрақты түрде жіберіп отыратынын атап өту қажет.