Алматыда «Әлемді қабылдау» атты көрме ашылды

Алматыда «Әлемді қабылдау» атты көрме ашылды
Сурет: Ашық дереккөз

Жазушы әрі суретші

ҚР Ұлттық кітапханасында «Азияның шығармашылық Богемиясы» бірлестігінің резиденті халықаралық заманауи өнер өкілі Қанат Бөкежановтың «Әлемді қабылдау» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қанат Бөкежанов − жазушы әрі суретші. Солтүстік Кипрдің Art Nouveau мұражайының халықаралық «Күміс кілт» сыйлығының иегері. Қазақ суретшісі Ғани Баяновтың шеберханасында білім алған. Ол жазу мен сурет салуды реттелген ойлаудың әртүрлі формалары деп санайды. Көптеген жылдар бойы ноосфераға арналған суреттер салды. Өмірдің бұл маңызды, көрмесіз кезеңі еркіндік пен тәуелсіздікке тәрбиелеу үшін қажет болды.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы құттықтау сөзбен ашты.

Азияның Шығармашылық Богемиясының президенті Гүлнар Жандыбаева және вице-президенті Алма Нутушева сөз сөйлеп, бірлестік жұмысына белсенді атсалысқан бірқатар бірлестік мүшелеріне алғыс хаттарды табыстады.

 Қанат Бөкежановтың ұстазы, белгілі суретші Ғани Баянов және өнертанушы Мария Жұмағұлова бүгінгі «Әлемді қабылдау» атты шығармашылық көрмеге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар шара аясында көрме тамашалауға келген қонақтармен ойындар ойнатылып, суретші Қанат Бөкежанов өз туындыларын жеңімпаздарға сыйға тартты.