Алматыда «Әдемі әлем - әдемі көздермен» атты көрме өтеді

Алматыда «Әдемі әлем - әдемі көздермен» атты көрме өтеді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Көрмеге қойылған жұмыстар белгілі бір тақырып аясында шектелмеген

2022 жылғы 19 мамырда Ә.Қастеев атындағы МӨМ-ның Орталық Көрме залында «Әдемі әлем - әдемі көздермен» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кішкентай бүлдіршіндердің (ең кішісі 4 жаста) шынайы, кіршіксіз қиялдарынан туған жарқын бояуларға толы тырнақалды туындылары, ой-әсерлерлері көрермендер жүрегін тез баурап алары сөзсіз.

Жас мөлшерінің кіштайлығына қарамастан, студия тәрбиеленушілері әртүрлі бейнелеу өнері техникалары бойынша: су бояуы, графика, жібекке сурет салу, сазбалшықпен жұмыс, гобелен, квиллинг және т.б. сияқты   көптеген жұмыстарды жасауды үйренді.

Көрмеге қойылған жұмыстар белгілі бір тақырып аясында шектелмеген. Қатысушылардың көпшілігі үшін, бұл кәсіби көрме кеңістігіндегі өз жұмыстарын көпшілікке ұсынудағы алғашқы және өте бағалы тәжрибе болмақ.

Көрме «Синяя черепаха» бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер студиясының 20 жылдығына арналады, осы жылдар аралығында студияны тәмамдаған түлектердің біршамасы бүгінде өнер жолына толығымен бет бұрған. Олардың кейбірі: Лондон Өнер университеті, Лондон Сән колледжі, Глостершир университеті, И.Кант атындағы Балтық федеральді университеті, Вена қолданбалы өнер университеті, Оңтүстік Калифорния Архитектуралық университеті, Мәскеу Архитектура академиясы, Санк-Петербург Мемлекеттік архитектура-құрылыс  университеті, және т.б. сынды әлемнің ірі ЖОО-да білімдерін ары қарай жалғастырған.

2002 жылдан бастап Алматыда «Синяя черепаха» студиясының көрмелері (Орталық Көрме залында, «Ұлар» Қазақстан суретшілер одағының галереясында, Алматы қаласы музейінде) жыл сайын көрермендер назарына жол алады. Сондай-ақ, жас суретшілер қайырымдылық көрмелеріне де белсене ат салысып отырады.

«Синяя черепаха» студиясының түлектері халықаралық байқауларға қатысып жеңімпаз атанған және әлем бойынша көрмелерге қатысып өз жұмыстарын көпшілікке танытуда. «Синяя черепаха» студиясының 17 жасар түлегі Лааль Авгамбаева «ТМД-ның ең жас дизайнері» болып ресми түрде мойындалып, 18 жасында Токио, Нью-Йорк, Ванкувер, Лондон және Париждегі сән апталығына ресми шақырту алды.

Көрме көрермен назарына 19 мамырдан бастап жол тартып, 2 маусымға дейін жалғасатын болады.