Алматыда адам өлтірмек болғандар қолға түсті

Алматыда адам өлтірмек болғандар қолға түсті
Сурет: Lada.kz

Оқиға өткен жазда Алматыда болған.

Тергеу барысында қылмыскердің жәбірленушіге төрт рет оқ атқаны, оның үшеуі нысанаға тигені белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомоствоның мәліметінше, оқиға өткен жазда Алматыда болған. Атышулы іс бойынша Жетісу көлік прокуратурасының жетекшілігімен ведомствоаралық жедел тергеу тобы жұмыс істеді.

«Көлік полицейлерімен бірлесе жүргізілген іс-шара нәтижесінде А. есімді ер адамның қылмысы әшкереленіп, ұсталды. Тергеу барысында қылмыскердің жәбірленушіге төрт рет оқ атқаны, оның үшеуі нысанаға тигені белгілі болды. Қылмыс дұшпандықтан туындаған», - деді қадағалау органы.

Биыл болған сот үкімімен азамат А. 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мылтықты жасыруға көмектескен азамат К. шартты түрде 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Мемлекеттік айыптаушы аса ауыр қылмыстың ізін жасыруға көмектескен адамға жеңіл жаза берілгеніне келіспей, үкімді қайта қарау туралы өтініш берді. Апелляциялық сот прокурордың ұстанымын қолдап, азамат К.-ны нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесті», - деп толықтырды прокуратура.