Алматыда 915 242 адам екпе алды

Алматыда 915 242 адам екпе алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы 2021 жылғы 25 қазанға дейін екпе алу және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

2021 жылдың 24 қазан күні жағдай бойынша, коронавирустық инфекцияның 231 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 219 симптомдық белгілері бар және 12 симптомсыз.
Барлық емделіп шығарылғандар – 18, келіп түскені – 63.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 1 205 адам (оның ішінде 33 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 119.
ӨЖЖ – 24, инвазивті емес ӨЖЖ – 66, High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 653 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 562, симптомсыз 91 науқас бар.

2021 жылдың 25 қазанға арналған ВАКЦИНАЦИЯ бойынша ақпарат
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентты  500 адам, 2-компонетты 686 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-24.10.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентты 987 305 адам, 2-компонентты 915 242 адам вакцинацияланды.

- Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 120 144 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды - деп хабарлайды Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.