Алматыда 900-ден астам есірткі жарнамасы жойылды

Алматыда 900-ден астам есірткі жарнамасы жойылды Сурет: Inform.kz

1 мыңға жуық тақырыптық брошюралар таратылды.


Алматы полицейлері мен еріктілер 900-ден астам есірткі жарнамасын жойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі Істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, трафаретті жарнама шарасы қаланың Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының аумағында өтті. Оған полиция қызметкерлері, еріктілер және жанашыр азаматтар қатысты.



«Айтпақшы, еріктілер мен белсенділер - есірткі қылмысымен күрестегі біздің тұрақты серіктестеріміз. Қоғам заң үстемдігін насихаттап, өскелең ұрпақтың салауатты өмір сүру қағидаттарын дамытып, нығайтуға зор үлес қосқанда өте маңызды. Бір мезгілде қаланың бес ауданының тұрғын үй алқабын қамтыған бұл шара барысында есірткі жарнамасы бар 900-ден астам граффити жазулары жойылды. Сондай-ақ, шаһар тұрғындары арасында 1 мыңға жуық тақырыптық брошюралар таратылды», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Сонымен қатар, полицейлер аты-жөнін атамау шартымен азаматтар есірткі сататын адамдар, сондай-ақ есірткі жарнамасы қолданылатын орындар туралы ақпаратты хабарлай алатын «жедел желі» телефонын еске салды: 8-705-549 -70-25.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50