Алматыда 5 мектептің қосымша құрылысы аяқталды

Алматыда 5 мектептің қосымша құрылысы аяқталды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы мектептеріндегі орын тапшылығы мәлелесін шешу мақсатында, мегаполисте білім ордасын салу қарқынды жүріп жатыр. Биыл 1 қыркүйекте Алматы қаласында 17 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 1500 орынға арналған 1 мемлекеттік білім ұясы («Қайрат» ықшам ауданы) және 3059 оқушыны қамтитын 16 жеке мектеп бар. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 4029  орындық 5 мектеп бойынша қосымша құрылыстың (№148, №48, №9, №101, №65 мектептер бойынша) құрылысы аяқталды.

Соның бірі - №148 мектеп-гимназиясының ғимаратында 300 орындық 3 қабатты қосымша құрылыстың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Мектеп ғимаратының қосымша құрылысы 2022 жылдың қыркүйек айында басталып, биыл қыркүйек айында жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Бүгінгі таңда мектепте 2 066 бала оқиды.Мектептің жаңа оқу ғимаратында оқу және мультимедиялық кабинеттер, киім ілетін жер, физика-химия зертханасы, медиатека, оқу залы, логопед және психолог кабинеті қарастырылған. Сонымен қатар, мектеп аумағында жаңа футбол, баскетбол және воркаут алаңдары орнатылған.

Сонымен қатар 300 орынды қамтитын №65 мектеп,  250 орынға арналған №48 мектеп, 120 орынға арналған №9 мектеп-интернаты және №101 мектептің мәжіліс залының да қосымша құрылыс жұмыстары сәтті аяқталып, толығымен пайдалануға берілді.

Қосымша құрылыстың салынуы мектептегі оқушы орындарының тапшылығын азайтуға көмектеседі. Қазір Алматыда 215 мемлекеттік мектеп жұмыс жасайды. Оқушы орнының тапшылығы 30 мың орынды құрайды. Осы мақсатта алдағы уақытта тағы 6 мектеп ғимаратына (№195, №174, №58, №198, №99, №16  мектептер бойынша) қосымша құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда.