Алматыда 5 келілік Бөгенбай батыр дүниеге келді

Алматыда 5 келілік Бөгенбай батыр дүниеге келді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

13 қыркүйекте Алматы қаласының тұрғыны Әсел Құлахметова №4 перзентхананың жедел жәрдем бөліміне толғатып түскен.

Көп ұзамай Әсел ұл баланы дүниеге әкелді. Баланың салмағы 5 келі. Нәресте табиғи жолмен дүниеге келді. Босануға  акушер-гинеколог Кемалова Индира Берікбайқызы көмектесті.  Қазіргі уақытта ана мен баланың денсаулығы жақсы. Жақын арада үйге шығуға  дайындалып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, Әсел мен жолдасы Бауыржанның бұған дейін  4 келі салмақпен туылған Ақмөр деген қызы мен Қабанбай атты ұлы бар.

 «Біздің балаларымыз қазақтың біртуар батырлары Қабанбай Бауыржанұлы, және Бөгенбай Бауыржанұлы есімдерін алып жүр.  Операциясыз босануға көмектескен №4 перзентхана ұжымы мен акушер-гинеколог Индира Берікбайқызына алғысым шексіз.  Менің ұлдарым туған жерінің лайықты азаматтары болады деп сенемін», – дейді Әсел Құлахметова.