Алматыда 35 адам өрттен құтқарылды

Алматыда 35 адам өрттен құтқарылды
Сурет: Massaget.kz

Алматыда Төле би көшесінің бойындағы әкімшілік ғимараттан өрт шығып 35 адам эвакуацияланды.

Өрт сөндіру қызметінің ақпаратынша, олардың 20-ы тұтынушы, яғни сол ғимараттағы мейрамханада отырған адамдар. Ал 15-і қызмет көрсетушілер. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқиға орнына үш минутта жеткен екі бригада жалынды дереу ауыздықтап, жапсарлас орналасқан мейрамханаға төнген қаупті сейілтті. Зардап шеккендер жоқ.