Алматыда 34 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

Алматыда 34 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын алды
almaty-akshamy.kz

Алматыда бір тәулікте 3 118 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«7 ақпан күні 3118 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 7 ақпаны аралығында қалада 1 076 805 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 039 094 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 230 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 46 371 адам салдырды. Оның ішінде 2 387 жүкті әйел, 10 196 бала емізетін ана және 33 787 жасөспірім бар.

Ревакциналаудан 188 451 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакциналау пункті жұмыс істейді. 140 вакциналау бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.