Алматыда 32 жастағы ақмолалық техника дүкендерін тонап кетті

Алматыда 32 жастағы ақмолалық техника дүкендерін тонап кетті
Cурет: Алматы ПД

Күдікті сөрелерден ұялы телефон, құлаққап және басқа да керек-жарақтарды ұрлаған

Алматыда 32 жастағы ақмолалық техника дүкендерін тонап кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы ПД-не сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен Ақмола облысының тұрғынын анықтады және ұстады. 

«Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат техника дүкендерін аралап жүріп, сөрелерден ұялы телефондар, құлаққаптар және басқа да керек-жарақтарды ұрлап, олжаны күртешеге немесе рюкзакқа салып, қылмыс болған жерден жасырынып жүргені анықталды. Әр жолы ер адам бір тізбекпен әрекет етті. Қазіргі уақытта тергеу ұсталған азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 8 эпизодына қатысы барын дәлелдеді», – деп хабарлады Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр. 

Белгілі болғандай, қаскүнем ұрланған мүлікті сатып, одан түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Күдікті қамауға алынды.