Алматыда 30 зират жабылады

Алматыда 30 зират жабылады
Сурет: Ашық дереккөз

2011 жылдан кейін қалада бірде-бір зират жабылмаған.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде ақпан айының соңына дейін қалада 30 зиратты жабу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы әкімі Ерболат Досаев зираттарды жабу жұмыстары өткен жылдың күзінде басталғанын, көптеген қорымдар тіпті есепке алынбағанын айтты. 

«Біз қазір оларды қабылдап, толуына қатысты техникалық баға беруіміз керек, содан кейін жабу туралы шешімді дайындаймыз», - деді әкім.

Оның айтуынша, 2011 жылдан кейін қалада бірде-бір зират жабылмаған.

Алматы әкімінің айтуынша, қазір қаладағы зираттарды қала меншігіне алу үшін оның өлшемдерін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, екі қаулы жобасы дайындалып жатыр, Аталған зираттар ақпан айының соңына дейін жабылады. 

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің сөзінше, қалада барлығы 70 зират бар, оның 30-ын жабу жоспарда.