Алматыда 30-дан астам зейнеткерді тонаған қылмыскер ұсталды

Алматыда 30-дан астам зейнеткерді тонаған қылмыскер ұсталды
Сурет: Elorda.info

Әдепті адам кейпіне енген алаяқ зейнеткерлердің сеніміне кіріп, құнды заттарды қолды етіп келген

Алматыда жедел іздестіру шаралары барысында 30-дан аса зейнеткерді тонаған 38 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың мәліметінше, 1984 жылы туған ер адам қаланың Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында қылмыс жасаған.

Қылмыскер тек зейнет жасындағы адамдарды тонаған - қоғамдық орындарда, атап айтқанда, базарларда, тұрғын үйлердің аулаларында. Ауыр сөмкелер мен үлкен пакеттер көтеріп келе жатқан егде жастағы адамдарды бақылап, әдепті адам сияқты әсер қалдырған ол әжелермен әңгімеге кірісіп, сөмкелерді пәтерге жеткізуге көмектесуді ұсынады.

Қарт адамдар келіседі, кейін ақша, әмиян немесе ұялы телефоны ұрланғанын анықтайды. «Көмек» көрсету кезінде қылмыскер ол жерден барлық құнды затты байқамай ұрлап отырған. Белгілі болғандай, ұсталған ер адам бұрын да қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген Рустам Әбдірахмановтың Instagram-дағы парақшасында.