Алматыда 3 мың шетелдік көлік заңдастырылды

Алматыда 3 мың шетелдік көлік заңдастырылды
Сурет: Alataunews.kz

Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтардан басталған.

Бір күнде 125 көлік қазақстандық тіркеуге қойылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Бүгінгі таңда 3 мыңға жуық көлік тіркеу рәсімінен өтті. Кешегі күні ғана Алматыдағы төрт арнайы ХҚКО-да 125 көлік қазақстандық тіркеуге қойылды. Экстерриториалдылық қағидасы қолданылатынын айтып өтейік. Алматы қаласында тіркелген шетелдік көліктердің жалпы санынан 880 көлік 05 аймақтың (Алматы облысы), 475 - 08 аймақтың (Жамбыл облысы), 73 - 19 аймақтың (Жетісу облысы), 57 көлік - 13 аймақтың (Түркістан облысы) және т.б. аймақтардың нөмірлерін алды. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасына әкелінетін шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы тапсырмасын іске асыру аясында жүргізілуде", - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.