Алматыда 3 мың бала тегін лагерьде демалады

Алматыда 3 мың бала тегін лагерьде демалады
Сурет: Pandaland.kz

Бұдан бөлек, мектеп жанындағы лагерь ұйымдастырылады.

Биыл 3 мың әлеуметтік тұрмысы төмен және көп балалы отбасының балалары сауықтыру лагерлерінде тегін демалатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Биыл әлеуметтік тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардың балалары, ерекше білім алуды қажет ететін және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - барлығы 3 мыңнан астам оқушыны қала сыртындағы тегін жазғы лагерьмен қамту жоспарлануда. Қазіргі уақытта балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін техникалық спецификация әзірленіп, конкурс жарияланды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психофизикалық ерекшеліктерін ескеретін техникалық спецификация да дайындалды», - деді қалалық әкімдіктен.