Алматыда 22 мыңнан астам оқушы Pfizer вакцинасын салдырды

Алматыда 22 мыңнан астам оқушы Pfizer вакцинасын салдырды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 3138 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«30 желтоқсан күні 3138 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 30 желтоқсан аралығында қалада 1 049 774 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін,1011 684 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 372 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 30 224 адам салдырды. Оның ішінде 1 669 жүкті әйел, 6054 бала емізетін ана және 22 501 жасөспірім бар. Ревакцинациядан 6559 алматылық өтті. Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.