Алматыда 2025 жылға дейін полиорталықтарда 17 медициналық мекеме салынады

Алматыда 2025 жылға дейін полиорталықтарда 17 медициналық мекеме салынады
bilim-all.kz

Полиорталықтарда медициналық қызметтердің қолжетімділігін жаңа салынып жатқан тұрғын үйлер мен кешендерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерін орналастыру кезінде іске асыру жоспарлануда деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Осының арқасында медициналық қызметтер жаңа аудандардың 120 мыңнан астам тұрғындары үшін қолжетімді болады. Бұл туралы «Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарда» айтылған.

Бұдан басқа, 2025 жылдың соңына дейін бюджет есебінен Наурызбай, Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарында 170-190 мың қала тұрғынына қызмет көрсететін кемінде 17 отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар мен толыққанды емханалар салынатын болады.

Бюджет есебінен 2025 жылдың соңына дейін 10 мың орындық балабақша салынады. Құрылыс салушылармен жасалған меморандум бойынша 2025 жылдың соңына дейін 10 мың орынға арналған балабақшалар салу қарастырылған,2030 жылға қарай балабақшаларда тағы 5 мың орын пайда болады.