Алматыда 2023 жылдан бастап «Мектеп автобусы» жобасы басталады

Алматыда 2023 жылдан бастап «Мектеп автобусы» жобасы басталады
arnapress.kz

Алматыда 2023 жылдан бастап 7,7 мың оқушы үшін «Мектеп автобусы» жобасы басталады

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
 
Оның айтуынша, тұрғындарды толғандыратын мәселелердің бірі – көліктердің көптігі.

«Осыған байланысты және Алматыда оқушыларды тасымалдаудың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап қаланың сегіз ауданындағы 29 мектепте 7,7 мың балаға арналған «Мектеп автобусы» жобасы басталады», - деп хабарлады ол. 

Сонымен қатар, балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі маңызды басымдық болып табылады. Ата-аналар балаларының қауіпсіз мектептерде екеніне сенімді болуы керек.

 «Келер жылдан бастап мектептерде кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізіліп, «паника түймелері», өту жүйесі (турникеттер), өрт қауіпсіздігі жүйесі, полицияның жедел басқару орталықтарымен біріктірілген бейнебақылау камералары орнатылады. Біз бұл жобаны үш жылдық сервистік үлгі бойынша қаржыландыруды жоспарлап отырмыз, жалпы қаржыландыру көлемі - 4,9 млрд. теңге. 2023 жылға арналған бюджет жобасында осы мақсаттарға 1,6 млрд. тенге бөлінді», - деп толықтырды Ә.Нүсіпова. 

 Заманауи инфрақұрылымды жақсарту арқылы 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік мектептер физика, химия, биология, информатика және робототехниканың жаңа буынының пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етіледі. Тек 2023 жылдың өзінде жаңа модификациядағы 168 шкаф сатып алынады, бұл мақсатқа жергілікті қордан 2,1 млрд. теңге бөлінді.