Алматыда 2022 жылы колледждерге оқуға қалай қабылданады?

Алматыда 2022 жылы колледждерге оқуға қалай қабылданады? almaty-akshamy.kz

Алматы колледждеріне оқуға түскісі келетін талапкерлер биыл да өзгерістерді күтуде. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу кезінде бірқатар жаңалықтар енгізілді. Олар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Білім басқармасы өкілінің айтуынша, құжаттарды қабылдау 20 маусымда электронды үкімет порталы арқылы және тікелей колледжде басталады. Әр талапкердің 4 мамандық пен 4 колледжді таңдауға мүмкіндігі бар.



 «Қабылдау емтихандары педагогикалық, медициналық және шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша өткізіледі. Барлық басқа мамандықтар бойынша емтихандар тоқтатылды», - деді Қ. Жұманов.



Жұмысшы мамандықтарына түсушілер әңгімелесуден өтеді, ал орта буын мамандықтарына үміткер талапкерлер мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту конкурсына қатысуы тиіс. Іріктеу білім туралы аттестаттың орташа конкурстық балы бойынша өткізіледі.


Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша колледждерге академиялық дербестік берілген.



Бұрындары БҒМ түрлі біліктіліктер бойынша орта есеппен 2 жылдан 4 жылға дейінгі оқыту мерзімдерін реттеп, белгілеген. Бұл ереже «Білім туралы» заңнан алынып тасталды. Енді бұл өндірістік кәсіпорындармен келісілген нақты білім беру бағдарламаларына және жұмыс берушілерге қажетті оқыту нәтижелеріне байланысты.



Бүгінде колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін дербес айқындайды, яғни мамандарды даярлау еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар білім беру бағдарламаларының тізілімі жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26