Алматыда 20 мың оқушы «Жаппай оқыту» қорынан көмек алады

Алматыда  20 мың оқушы «Жаппай оқыту» қорынан көмек алады
almaty-akshamy.kz

Алматыда ХӘОТ санатындағы отбасылардың 20 мың оқушысы «Жаппай оқыту» қорынан көмек алады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Алматыда ағымдағы жылы «Жаппай оқыту» қорынан берілетін көмек сомасы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін бір балаға 43 мың теңгені құрайды. «Жаппай оқыту» қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Биыл материалдық көмек алу құқығына мына отбасылардың 20 мыңға жуық оқушы ие, олар:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар;

2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік АӘК алмайтындар;

3) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін жағдайларда;

5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.

Алғашқы екі жағдайда ата-ана немесе заңды өкіл eGov немесе халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы өтініш беруі қажет. Басқа жағдайларда-білім беру ұйымына растайтын құжаттарды ұсыну керек. Тізімдер оқу жылында бір-ақ рет жасалады.

Жоғарыда аталған санаттарға кірмейтін оқушылар «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек ала алады. Акция биыл 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталады.

Бүгінде демеушілер мектеп формасының 4,5 мыңнан астам жиынтығын және мектеп керек-жарақтары бар мыңдаған рюкзактар сатып алды. Қазіргі кезде аудандық білім бөлімдерінде көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалуда. «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» акциясы аясында мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын алу үшін оқитын жері бойынша білім беру ұйымына өтініш беру қажет.

Демеушілер, меценаттар және балаларға көмек көрсетуге ниет білдірген қаланың барлық тұрғындары аудандық білім бөлімдеріне сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады:

- Алатау ауданы бойынша: 87006131198

- Алмалы ауданы бойынша: 87470448553

- Әуезов ауданы бойынша: 87025395397

- Бостандық ауданы бойынша: 87772806650

- Жетісу ауданы бойынша: 87472940554

- Медеу ауданы бойынша: 87759194000

- Наурызбай ауданы бойынша: 87089359498

- Түрксіб ауданы бойынша: 87479013814.