Алматыда 19 бала коронавирустан емделіп жатыр

Алматыда 19 бала коронавирустан емделіп жатыр
Сурет: Zakon.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған 656 науқас ем қабылдап жатыр

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

18 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 123 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгімен – 115, симптомсыз – 8 науқас тіркелді. Емделіп шыққандар саны – 95, келіп түскені – 76.

«Инфекциялық стационарларда 656 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 774), оның ішінде 19 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 82 адам жатыр. Ал 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 45 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 11 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 151 пациент бар. Оның ішінде 1 085 науқаста індет белгісі бар, орташа ауыр жағдайдағы 66 адамда коронавирус белгілері жоқ.