Алматыда 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік отшашу болады 

Алматыда 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік отшашу болады 
zaleskiy.com

Іс-шара туралы Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы жариялады. Отшашу «Астана» алаңында (ҚБТУ ғимаратына қарама-қарсы) сағат 21.00-де басталады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 
 
 Қала әкімдігі мерейтой күніне орай Алматыда 110-нан астам түрлі іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарлады. Мысалы, 15 желтоқсанда №1 Оқушылар үйінде «Жаса, қазақ елі!» концерті өтеді, сол күні Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында мәдениет және өнер өкілдерінің қатысуымен «Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек» атты іс-шара ұйымдастырылады, сонымен қатар, Сайран көлінің жағасында жастардың қатысуымен экоакция өтеді. 
 
16 желтоқсанда «Тұран» университеті флешмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында «Абылай хан» операсының премьерасы көрсетіледі. Тәуелсіздік күні ҚР Ұлттық кітапханасында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты іс-шара өтеді.