Алматыда карантин талабын бұзған 150-ге жуық нысанға айыппұл салынды

Алматыда карантин талабын бұзған 150-ге жуық нысанға айыппұл салынды
almaty-akshamy.kz

Қалалық штаб қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Алматыда мониторингтік топтар 2-7 тамыз аралығында 840 нысанды тексерді, олардың 147-сінде карантиндік шараларды бұзу анықталды. Бірнеше рет берілген ескертулерге қарамастан, кәсіпкерлер белгіленген жұмыс уақытын бұзуды, тойларды ұйымдастыруды жалғастыруда. Сонымен қатар, инспекторлар қоғамдық көлікте тексеру жүргізіп, бетперде режимін бұзушыларды да анықтауда.


Аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен тұратын мониторингтік топтардың тексеру нәтижелері бойынша 63 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға 2348 185 теңге сомасында 7 айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 39 хаттама толтырылып, 494 035 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алматыдағы сауда мекемелерінде, қоғамдық көліктерде және қоғамдық тамақтану орындарында COVID-19 бойынша эпидемияға қарсы талаптардың сақталуына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Мысалы, 5-8 тамыз аралығында заң талаптарын бұзған 83 заңды тұлға анықталды. Өткен аптада бақылау топтары қоғамдық көліктерде маска режимінің сақталуын тексерді. 110-нан астам автобус тексеріліп, 23 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Заң бұзушылықтар негізінен мына автобус бағыттарында анықталды: 1, 98, 32, 123, 79, 11, 9, 45, 22, 135, 105, 201, 7, 126, 60, 114, 25, 5, 5В, 29, 65 , 37, 205, 224, 20, 148, 38, 62, 210, 45, 18. Барлық материалдар тиісті шаралар қолдану үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімдеріне жіберілді. Еске салсақ, қазіргі уақытта Алматы «қоңыр қызыл аймақта». Осыған байланысты аурудың таралуын болдырмау үшін бірқатар шектеу шаралары іске асуда.

Оңтүстік астанада өткен аптада бірнеше той анықталды.
Сонымен, 5 тамызда Наурызбай ауданында сағат 16.09 шамасында Қалқаман шағынауданындағы «Мара» мейрамханасында 40 адамның қатысуымен мерекелік  шара өтті.

7 тамызда Медеу ауданында сағат 00.31 шамасында «Billionaire» караоке-бар жұмыс істеді, онда шамамен 40 адам болды.

Дәл сол күні Алмалы ауданында «Premier Hall» мейрамханасындағы карантин талабын бұзып, 100 қонақтың қатысуымен өткізіліп жатқан той тіркелді.

Алмалы ауданында 7 тамызда шамамен 21.24 сағатта «Крыша Мира» барында бұзушылық тіркелді, онда бір мезгілде 300-ге жуық адам болды.

7 тамызда Бостандық ауданында сағат 14.10 шамасында «Bi Kumis Restauran» мейрамханасының салтанат залында 150 адамның қатысуымен той өтіп, заң бұзушылық тіркелді.

Медеу ауданының мониторингтік тобы 08.08.21 ж. «Рояль тулип» қонақ үй кешенінің аумағында «Black star burger» өкілдері шара өткізген. Құқық бұзушылық фактісі бойынша «Рояль тулип» және  «Black star burger» қонақүй кешенінің өкілдерінен түсіндірме  алынды.

Еске салсақ, Алматыда эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр, күніне 1500-ден астам жағдай тіркеледі, сәйкесінше ауруханаға жатқызу саны артып келеді. Бүгінде  жұқпалы аурулар ауруханаларында 5 591 адам бар, олардың 187-сі балалар. Реанимацияда 397 пациент бар, 63 адам ӨЖЖ аппратына, 159 инвазивті емес ӨЖЖ аппаратына, High flow  аппаратына 152 адам қосылған. АМСАК пен Телемедицина орталығының мобильді топтары 11624 пациентті  үйлерінде бақылауда.

Медициналық мекемелердің жүктемесі өте үлкен, ал алматылықтар коронавирус пен оның штаммдарын тарататын белгіленген шектеулерді елемей отыр. Айтпақшы, карантинді бұзушылардың арасында жастар мен орта жастағы адамдар бар. «Дельта» штамының ерекшелігі - ол жастарға тез жұғады. Қазір қаланың ауруханаларында 40 жасқа дейінгі жастар - 23%. Олардың дені вакциналанбағандар.

Еске салсақ, вакцина коронавируспен күресудің  ең тиімді жолы болып қала береді.