Алматыда 150-ден астам граффити-жарнама жойылды

Алматыда 150-ден астам граффити-жарнама жойылды
Сурет: Polisia.kz.

Есірткінің таралуын насихаттайтын трафареттер мен граффити жарнамалық сайттар боялды.

Алматы полицейлері қаладағы еріктілермен бірге 167 граффити-жарнаманы жойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігінің  ресми сайттағы мәліметтері бойынша, 28 шілдеде қаланың Түрксіб ауданында өткізілген республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері филиал төрағасы Нұрсұлтан Бекқайыровпен бірлесе отырып, синтетикалық препараттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын граффити-жазуларды өшіру және анықтауға бағытталған науқанды өткізілді.

Мамандардың айтуынша, науқан аясында тұрғын үйлердің, гараждардың және әкімшілік ғимараттардың қабырғаларына салынған есірткінің таралуын насихаттайтын трафареттер мен граффити жарнамалық сайттар боялды.

Науқан Түрксіб аудандық ПБ жанындағы ПБ ЖПҚ УПИ және шаһардың ПД ЕҚҚБ қызметкерлері мен 20 еріктінің қатысуымен өткізілді. Аудан аумағында 167 граффити жарнама жойылды.