Алматыда 15 тамызда салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімі аяқталатыны хабарланды

Алматыда 15 тамызда салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімі аяқталатыны хабарланды Сурет: Almaty-akshamy.kz

15 Тамызда салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі аяқталуға жақын. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде салық төлеушілерге көрсетілген мерзімде қандай нысанда ұсыну керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Есепті «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), қағаз түрінде, сондай-ақ eSalyq Business, Halyk Bank мобильді қосымшаларының көмегімен жүзеге асырылады.


«Салық төлеушілер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, электрондық нысанда табыс етілген жағдайда салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы. Бұдан басқа, арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерден басқа, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі бар салық төлеушіге қатысты салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылмайды. Салық төлеушінің сонымен бірге, қызметті тоқтата тұруды ресімдей алатын заңды мүмкіндігі бар», - деді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бақтыгүл Сейтова.


200.00 үлгісі- «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» нысаны салық агентінің орналасқан жері бойынша салық органдарына электрондық түрде веб-қосымша арқылы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей беріледі.


910.00 үлгісі - «Шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген декларация» нысаны салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей табыс етіледі. Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдануға арналған салық кезеңі жартыжылдық болып табылады. Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер жасайды.   


300.00 үлгісі – «Қосылған құн салығы бойынша Декларация» нысаны есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі. Қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.



913.00 үлгісі - «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Декларация» нысаны салық агентінің орналасқан жері бойынша салық органдарына электрондық түрде КНП арқылы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.


Сондай-ақ, салық төлеушілердің салық есептілігін табыс ету мерзімін декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуға құқығы бар.


«Бұл ретте, арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі бар салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылмайды. Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салық есептілігін беру мерзімі салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады», - деп атап өтті Б.Сейітова.


Сондай-ақ, департамент «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес салық есептілігі ұсынылмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.


Салық есептілігі мен оларды ұсыну үлгілері туралы толық ақпаратты департамент сайтында және @mkdalmaty_dgdalmaty әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04