Алматыда 135 млрд теңгеге жалған құжат жасағандар сотталды

Алматыда 135 млрд теңгеге жалған құжат жасағандар сотталды
Inform.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Топ мүшелері 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы 135 млрд теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактура жазған.

Осылайша контрагент-сатып алушылар бюджетке төленбеген салық түрінде мемлекетке 39 млрд теңгеге жуық шығын келтірген.

Сондай-ақ, тергеу барысында контрагент-сатып алушылардың бақылаудағы компаниялардың банк шотына түскен қаражаты шетел компанияларымен жалған шарт жасасу арқылы республикадан тыс жерлерге шығарылғаны, онда шетел валютасындағы қайтарылмаған қаражаттың сомасы 6,6 млн АҚШ долларын құрағаны анықталды.

Сот үкімімен бес айыпталушының бәрі кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тәркіленген 65 мың АҚШ доллары мен 20 млн теңгеден астам қаржы мемлекет кірісіне алынды.