Алматыда 122 мыңға жуық қария вакцина алды

Алматыда 122 мыңға жуық қария вакцина алды
liter.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 3 423 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«18 қараша күні 3 423 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 874, II компонентін – 1 549 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 18 қараша аралығында қалада 1 015 141 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 967 790 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 739 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 екпе бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.