Алматыда 120 мыңнан астам егде жастағылар екпе алды

Алматыда 120 мыңнан астам егде жастағылар екпе алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 3723 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«21 қазан күні 3723 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1411, II компонентін 2312 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 қазаны аралығында қалада 984 345 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 922 535 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 120 051 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 егу пункті жұмыс істеп тұр, 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.