Алматыда 1 миллионға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды

Алматыда 1 миллионға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 2578 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«11 қараша күні 2578 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 061, II компонентін – 1517 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 қараша аралығында қалада 1 008 015 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 958 538 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 498 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.



Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.


«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55