1 қаңтардан бастап аулалардағы аумақтар аудан әкімдіктерінің есебінен тазартылады

1 қаңтардан бастап аулалардағы аумақтар аудан әкімдіктерінің есебінен тазартылады
Cурет: Sputnik.kz

Алматыда 1 қаңтардан бастап аулалардағы аумақтар аудан әкімдіктерінің есебінен тазартылады

Бұл туралы  Е.Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аудан тұрғындарының бірі бұл жиында мәселе көтерді.

- Сұрағым аумақты тазалауға қатысты. Түрксіб ауданының әкімдігі үй айналасындағы аумақты мойындамай отыр. Балалар аумағына тазалық жүргізгілері келмейді. Аудан әкімдігінен ПИК-мен бірге келді, және олар ПИК тазалық жүргізеді деп сендірген болатын, бірақ оларда ақша жоқ. Бізде алаңдарды жинайтын қаражат жетпейді, - деді аудан тұрғыны.

«Мен сізбен келісемін, ПИК (пәтер иелері кооперативі) және ҚС (қарапайым серіктестік) құру кезінде бізде ішкі аулалар иесіз қалды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап менің бастамаммен аудандарға аулаларды тазалауға қаражат бөлуді қарастырдық», - деді Ерболат Досаев.