Алматыда қар жауды: 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

Алматыда қар жауды: 22 қазанға арналған ауа райы болжамы Cурет: Informburo.kz

Елдің оңтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі


Қазгидромет 22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Атырау, Маңғыстау облыстары антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.


Еліміздің басым бөлігінде тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, күндіз Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтстігінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.


Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, облыстың солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болып, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауыл соғады.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26