Алматыда қолөнер жәрмеңкесі болады

Алматыда қолөнер жәрмеңкесі болады
Сурет: Inbusiness.kz

Жәрмеңкеге келушілер қазақстандық шеберлер, қолөнершілер мен суретшілердің қолынан шыққан бұйымдарды тамашалап, сатып ала алады.

Демалыс күндері (30 қазан мен 31 қазан аралығында) Алматыда Жібек жолы даңғылы бойында Желтоқсан мен Наурызбай батыр көшелерінің арасында (Әуе вокзалының маңы) қолөнер жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде қазақстандық қолөнершілер мен суретшілер бірегей туындылары мен тауарларын ұсынады.

Алматылықтар мен қала қонақтары жылы әрі эксклюзивті заттарды сатып ала алады. Аумақта балалар мен ересектерге арналған киіз үй орнатылады.

«Киіз үйдің ішіне кіріп, қабырғаларын ұстап көре аласыз, әшекейлеудің егжей-тегжейлерін зерттей аласыз, шаңырақ арқылы аспанға қарай аласыз, есте сақтау үшін суретке түсе аласыз. Өзіңіз келіңіз, достарыңыз бен таныстарыңызды шақырыңыз, жақындарыңыз бен қаламыздың қонақтарына да жәрмеңке туралы айтыңыз. Жәрмеңкені Алматының қолөнер палатасы өткізеді», - дейді ұйымдастырушылар.