Алматыда қоғамдық көлік кезең-кезеңімен жұмысқа кіріседі

Алматыда қоғамдық көлік кезең-кезеңімен жұмысқа кіріседі
Cурет: 24.kz

Метро төтенше жағдай режимі аяқталғанша жұмыс істемейді

Қалаішілік қоғамдық көлік жұмысы ішінара іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ертеңнен бастап қала бойынша 11 бағытта автобус қатынайды. Атап айтқанда, 34,118, 38, 205, 206, 16, 11, 128, 141, 65 автобустар 20 минут интервалмен жүреді. 

Қала сыртына қатынайтын автобустардың кестесі 11 және 12 қаңтар күні қосымша хабарланады. Ал метрополитен төтенше жағдай режимі аяқталғанша, жұмыс істемейді. 

«Ертеңнен бастап 11 маршрут жүреді. Автобус саны – 130. Олар тек қана қаланың магистральдік көшелерімен ғана жүреді. Жұмыс уақыты таңғы сағат 7.45-тен кешкі 20.00-ге дейін», - деді мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Мырзағұлов.