Алматыда мектеп және балабақша саны артып келеді

Алматыда мектеп және балабақша саны артып келеді Сурет: Zerdesh.kz

Орта білім беретін мектептерінің саны 280-нен асты, ал балабақша саны 860-қа жеткен.


Шаһарда орта білім беретін мектептер мен балабақша саны артып келеді. Бұл туралы қала жетекшісі Бақытжан Сағынтаев 25 тамызда өткен «Алматыда білім беру форумы 2021» барысында айтты,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Осы жыл соңына дейін Алматыда 48 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Оның ішінде 38 нысанның құрылысы жүріп жатыр, ал онына сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.



«Орта білім беретін ұйымдардың желісі ұлғайып, бүгінгі күні олардың саны 280-нен асты.Таза қазақ тілінде білім беретін мектептер саны 70-ке жетті. Балабақшалар саны да артып келеді. 1990 жылдары қалада 362 балабақша болса, қазіргі кезде олардың саны 860-қа жеткен. Мұндай салыстырулар қаламыздың тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді және білім саласы басты назарда болатынын дәлелдейді. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын! Барлық мұғалімдерге сіңірген еңбектерінің, балаларға берген өлшусіз білімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін алғыс білдіремін!» - деді қала әкімі.




 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04