Алматыдағы бейнебақылау жүйелері арқылы автокөлік тонаушы ұсталды

Алматыдағы бейнебақылау жүйелері арқылы автокөлік тонаушы ұсталды Сурет: Intex-press.by

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қала полицейлері  бейнебақылау жүйесі арқылы кезекті қылмысты ашып жатыр. Шаһардың бейнебақылау жүйелері 33 жастағы ер адамның қылмыстық әрекеттерін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі ісітер министрлігінің ресми сайтындағы мәліметтер бойынша, бірнеше күн бұрын жергілікті тұрғын полиция бөліміне арызбен жүгінген. Ол түнде белгісіз біреу көлігіне терезені сындырып кіріп, құжаттары мен жеке заттарын ұрлап кеткенін айтқан.



«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Біз бұны күдікті жасаған жалғыз қылмыс деп ойламаймыз. Осыған байланысты жедел қызметтер оның басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғын тексеруде», – деді Медеу аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Елнұр Құдретбаев.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04