Алматы әуежайының президенті ауысты

Алматы әуежайының президенті ауысты
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ  атқарушы органының құрамына өзгертулер енгізілді

Эркал Кадри Мете әуежай президенті лауазымынан алынып, орнына АҚ президенті болып Алп Ер Тунга Ерсой тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еске салайық, 2020 жылдың мамырында Алматы әуежайы түрік компаниясына 415 миллион долларға сатылды. «TAV airport Holding» түрік компаниясы VPE Capital консорциумындағы серіктесімен бірге Алматы халықаралық әуежайының 100% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойды.