Алматы әкімі Шубдаршини Трипатимен кездесті

Алматы әкімі Шубдаршини Трипатимен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Шубдаршини Трипати –Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі.

Бұл туралы қала басшысы өзінің твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипатимен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтағы өңіраралық байланысты кеңейту, сондай-ақ АТ және инвестиция тарту саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқыладық», -деп жазылған әкімнің твиттердегі парақшасында.