Алматы әкімі Италияның елшісімен кездесті

Алматы әкімі Италияның елшісімен кездесті
almaty-akshamy.kz

Бақытжан Сағынтаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марко Альбертимен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кездесуде Алматы мен Италия қалалары арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқыланды.

«Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марко Альбертимен Алматы мен Италия қалалары арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқыладық», - деп жазды қала әкімі өзінің Твиттердегі парақшасында.